ОҚО-да құрылыс жұмыстарына Т46,7 млрд бағытталған

Шымкент. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс жұмыстарына Т46,7 млрд бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«ОҚО-да құрылыс жұмыстарына 46,7 млрд теңге бөлінді. Бұл жұмыстар 14 салада жүргізілді. Сол қаражатқа 233 нысанның құрылысы жүргізілуде, олардың кейбірін қайта салып жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыға сілтеме жасап.
Хабарланып отырғандай, құрылыс саласындағы қорытындалармен Д. Сатыбалды облыс әкімдігіндегі жиналыста сөз сөйледі, оған өңір басшыларының барлық орынбасарлары, басқармалардың басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері жиналды. Әрқайсы өз саласындағы проблемалар мен оларды шешу жолдары жайлы айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары Д. Сатыбалды құрылысы үшін жобалық-сметалық құжатнамасы жасалып бітпеген 94 жобаны қысқартуды ұсынды. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында су қоймасы құрылысының жобасы бойынша жер телімін бөлумен болған шешусіз қалған проблеманың салдарынан қазір жоспарланған орында құрылыс жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.
Сонымен қатар өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков өңірде 2 млн-нан астам адамның қазіргі таңда ауыз сумен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сөйтіп, облыста 929 елді мекен 667-сі орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Дегенмен, әкімдіктегілер су проблемасын әзірше шешу мүмкін болмай отырғанын атап өтті.
«Қазір 153 елді мекен су құбырының құрылысына мұқтаж. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов барлығына өзінің бақылауындағы бар проблемалардың шешім жолдарын жасап шығаруды тапсырды», - деп түйіндеді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

adimage