ОҚО-да суармалы жер ауданын 3,5 мың га-ға арттыру жоспарлануда

Күні: 18:17, 01-11-2014.

Шымкент. 1 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда суармалы жер ауданын 3,5 мың га-ға арттыру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Биыл ұзындығы 450 км болатын 59 канал, 34 тік ұңғы, ұзындығы 140 км болатын 6 коллектор жұмысын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, суармалы 35265 га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарып, жаңадан 3450 га болатын суармалы жерді пайдалануға тарту күтілуде», - делінген хабарда.
Сондай-ақ биылғы 10 айда 988 га ауданға орман ағаштарын отырғызылып, 19657 га ауданға сексеуіл тұқымын себу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Атап айтқанда, тұқым себуге аудан толығымен дайын, бүгінге сексеуілдің 20 тонна тұқымы дайындалып, оны жинау жұмыстары жалғасуда», - деді әкімшіліктен.
Жалпы алғанда, облысты жасылдандыру шаралар жоспарына сай 2014 жылы 3532,9 га ауданға 1487,1 мың көшет отырғызылды.
Одан басқа, хабарда айтылғандай, биыл Кентау қаласының маңындағы өндірістік қалдықтар сақталатын Баялдыр қоймасын консервациялау жұмыстары аяқталатын болады.  
«Негізгі экологиялық проблема қалдықтар бетін жел суырып, сондықтан ол маңайдағы аудандан ауасының шаңдануы тым жоғары болып отырғандығы. Консервацияны талап ететін қалдықтар қоймасының жалпы ауданы - 106,8 га. Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстарды биылғы жыл соңына аяқтау жоспарлануда», - деді баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: