ОҚО-да тұрғын үй құрылысына бөлінген 17 мың жер телімі мақсатына сай қолданылмаған

Күні: 12:11, 05-11-2014.

Шымкент. 5 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына бөлінген 17 мың жер телімі мақсатына сай қолданылмаған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-да тұрғын үй құрылысына бөлінген 16735 мың жер телімі мақсатына сай қолданылмаған. Олардың 7605-і мемлекет меншігіне қайтарылса, 8228 жер пайдаланушы шұғыл түрде тұрғын үй құрылысын бастаған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұловқа сілтеме жасай отырып.
Әкімдіктің мәліметінше, сотқа қолданылмай жатқан 902 жер телімін күштеп тәркілеуге арналған материалдар жолданған. Облыстық жер қатынастары басқармасы осының өзінде 80 жер телімін мемлекетке қайтарып берген.
«Оларға инфрақұрылым жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 17 млн теңге бөлінді. Ол қаражатқа детальды жобалауы бар жоба дайындалған. Одан өзге, қайтарылған жерлердің арасында 461 телім жеке тұрғын үй құрылысы есебімен кезекте тұрған тұрғындарға берілді», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: