ОҚО-да Т15,4 млрд соманың жеңіл өнеркәсіп өнімі шығарылған

Шымкент. 9 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында жеңіл өнеркәсіп бойынша 15,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында жеңіл өнеркәсіп бойынша 15,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Оның ішінде тоқыма өндірісінің өнім көлемі 12,4 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы MACHTEX 2015 І Қазақстандық Халықаралық көрме барысында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбеков айтты», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Шараға ҚР жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының төрайымы Сәуле Шәуенова, ҚР «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Бектұргенов пен жергілікті және шетелдік тауарөндірушілер қатысуда. Форумда алдағы бес жылдықта елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жолдары мен оған тартылатын инвесторлар туралы айтылса, өңірдегі дайын өнімді шетелге экспорттаудың қыр-сырлары талқыланды.

«Жеңіл өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласы ішкі нарықты 10 пайызға жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етеді, ал аяқ киім шығарушылар тіпті 1 пайызға арттырады. Қалғаны импортталады. Біз қазақстандықтардың күнделікті өмірінде тұтынатын шетелдік балалар жаялықтарын, шұлықтарын, заттары мен басқа да көптеген тауарларын сатып аламыз. Кез келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік шегі 30 пайызды құрайтынын атап өткім келеді. Бұл дегеніңіз өз нарығымыз үшін аз дегенде осынша өнім өндіруіміз керек деген сөз. Бізде бар болғаны тоқыманың 10 пайызы мен аяқ киімнің 1 пайызын құрайды. Қазіргі біздің міндетіміз – бұл отандық тауар өндірушілер үлесін ішкі нарықта ең болғанда 3 пайызға арттыру», - деп бөлісті ойымен ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассоциациясының президенті Любовь Худова.  

«MACHTEX-2015» халықаралық көрмесі аясындағы форумда осы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, сарапшылар мен өндірушілер өңірде мақта-тоқыма кластерінің дамуына назар аударды.  

adimage