ОҚО-да табиғи минералды емдік-асханалық су шығара бастады

Шымкент. 29 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) табиғи минералды емдік-асханалық су шығара бастады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«ОҚО-да табиғи минералды емдік-асханалық су шығара бастады. «Бөген» атты су нарықта жақында ғана пайда болды. Бәсекелестіктің жоғарылығына қарамай осы су өз сатып алушыларын тапты. Себебі олар су дәмін бағалап, және емдік қасиеттерін өздері сезінді», - деді облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
Әкімшіліктен түсіндіргендей, 2014 жыл соңында «Бекзат-Бақ» компаниясы судың құрамы мен пайдалы қасиеттері туралы химиялық-бальнеологиялық қорытындысын алды.
Судың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі 2015 жылы сәуірде расталды. Осыдан соң нарыққа жол ашық деп санауға болады. Шипалы су тек Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына емес, сонымен қатар бүкіл қазақстандықтарға Сәтбай Жұмабаевтың арқасында қол жетімді болды. Ол сонау 1988 жылы ұңғыны 2 мың метрден де тереңдікке бұрғылағанын еске алады.
«Ол кезде ол ұңғыны Бөген ауыл округының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бұрғылағанбыз, қазір ол жер Ордабасы ауданы. Халық көп жылдан бері ол суда емдік қасиеті бар деп айтатын. Ол суға асқазаны, ішегі, бүйрегі, ұйқы безі ауратындар келе бастады. Барлығы да судың емдік қасиеті туралы айта бастады. Сондықтан мен суды сараптаудан өткіз керек деп шештім», - деп еске алады С. Жұмабаев.
Сөйтіп, сарапшылар медициналық қорытындысында суды «гидрохимиялық «Сарыағаш-Барс» түріндегі мемлекеттік СТ РК 452-2002 стандартына сай келеді» деп бағалады. Бұл суды сарапшылар емдік-профилактикалық мақсат үшін де, бальнеоемдеу үшін де пайдаланумен қатар, газдалған су ретінде бөтелкелерге құюға да болады деп ұсынды.  
«Су сілтілі суларға жатады. Ол өт жолдарына ықпал етіп, диабетпен ауратындарға пайда тигізеді. Егер суды ингаляция үшін пайдаланса, ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына оң әсерін тигізеді. Айтпақшы, бұл суды бір жылға дейін сақтауға болады», - деді С. Жұмабаев.
Қазір компания суды әр түрлі ыдыстармен шығаруда. Жарты литерлігі де, бес литрлігі де бар. Минералды су шығаратын компания ОҚО аумағында өз өнімін сататын нарықты тапты.

adimage