ОҚО-да тежегіш қалыбының өндірісі бойынша жаңа желі желтоқсанда іске қосылады

Шымкент. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тежегіш қалыбының өндірісі бойынша жаңа желі желтоқсанда іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«ОҚО-да тежегіш қалыбының өндірісі бойынша жаңа желі желтоқсанда іске қосылады. Ол асбесттік емес материал негізінде өнім шығарады. Жаңа құрылғы еуропалық стандарттарға сәйкес келетін сериялық өндірісті жолға қоюға көмектеседі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  

«DDEK» ЖШС осы жылдың маусымында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының ықпал етуі арқылы қондырғыны сатып алуға Т38,350 млн көлемінде несие алды. Оның пайыздық жарнасы 10% құрады, оның 7%-ын «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры төлейді. Кәсіпкерлер тек несиенің 3%-ын ғана төлейді.
Аталмыш зуыттың елдегі үлкен жүк көлігіне арналған тежегіш қалыбын шығаратын бірден-бір зауыт екенін атап өткен жөн.  

«Қазір облыстағы әрбір екінші жүк көлігі біздің қалыптарды пайдаланады деп айтуға болады. Күн сайын біз 50 тежегіш қалыбын шығарамыз. Біз қазір қондырғысын сатып алған жаңа желі асбесттік емес материалдар негізінде қалыптар шығаратын болады. Біз Қазақстандағы осындай жалғыз өндірушіміз», - деді кәсіпорын басшысы Мұрат Жұматаев.

Зауыт өнімі міндетті тестілеуден өтеді, зертхана қабырғасынан бастап, түрлі көлікте жолда сынауға дейін. Әзірге кәсіпорында 30 адам жұмыс жасап жатыр, алайда жұмысшылар санын көбейту жоспарлануда.  «DDEK» ЖШС өз өнімін тек Қазақстан нарығында ғана емес, Орта Азия елдеріне де жеткізу жопарлануда. Сонымен қатар кәсіпорында шикізат түріндегі резеңке қоспалары мен резеңке техникалық бұйымдар, төсемдер, көліктерге арналған сайлентблоктар, жол бұдырлары мен резеңкеден жасалатын басқа да заттар шығарылады.    


adimage