ОҚО-да украиндық бизнесмендер сүт өндірісі саласындағы тәжірибемен бөлісуде

ОҚО-да украиндық бизнесмендер сүт өндірісі саласындағы тәжірибемен бөлісуде

Шымкент. 2 қараша. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысында украиндық бизнесмендер сүт өндірісі саласындағы тәжірибемен бөлісуде, деп хабарлады облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысында сапармен украиндық бизнес-делегация болды. Оның құрамына Dairy Global Experts, «АгроКлимат Украина» компанияларының басшылары мен сүт өндірушілер қауымдастығының өкілдері және Украинаның гольштин қауымдастығының өкілдері болды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Тараптар сүт өндірісі саласындағы бірлескен жобалардың мүмкіндігін талқылады. Оңтүстік Қазақстан облыс басшыларымен кездесуінде сиырлардың сүттілігін арттырудың украиндық тәжірибесін пайдалану мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тараптар консультациялық орталықтар ашу жолдарын қарады. Ол орталықтар сүт-тауарлық фермалардың дамуына көмектесіп, фермерлерді отандық асыл тұқымды сиырлармен қамтамасыз ету үшін жергілікті репродуктивті кешен ашуға мүмкіндік бермек.  
Одан басқа, кездесуде кооперативтік түрдегі израильдік кибуцтер сияқты отбасылық сүт шаруашылықтарын ашу тетіктері талқыланды. Егер шаруашылықты осындай сауатты ұйымдастыра алса, Еуропалық даму және қайта құру банкінен қаражат тарту мүмкіндігі пайда болатындығы айтылады.
Оңтүстік Қазақстандықтар шетелдіктердің озық тәжірбиесін зерделей келе осы аймақта да сүт өндірісін қарқынмен дамытпақшы.
Украиндық бизнесмендер делегациясы сапары аясында аймақтық «Максимум» инвестициялық орталық сүт шаруашылығын дамыту бойынша семинар ұйымдастырды.

adimage