ОҚО-дағы Мақтаарал ауданында балабақшалар ашу үшін несие алуға сұраныс жоғары

Шымкент. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында балабақшалар ашу үшін несие алуға сұраныс жоғары, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«ОҚО Мақтаарал ауданында балабақшалар ашу үшін несие алуға сұраныс жоғары. Осы мақсатта қаржы алу – Мақтаарал тұрғындарының кәсіпкерлікті қолдау орталығына барғанда беретін өтінімдердің ең көбі. Бұл туралы аудан орталығындағы кеңесші Талғат Балаев әңгімеледі», - деп хабарлады сәрсенбіде баспасөз қызметінен.  

Сонымен кәсіпкерлікті қолдау орталығындағы кеңес берушінің айтуынша, «Даму» қорының несиесін алу арқылы жеке балабақшалар ашу мүмкіндігіне ие болғандар көп.

Сонымен қатар ақшалай қаражатты бизнесті кеңейту үшін де алуға болады.

«Мәселен, Мақтаарал ауданының жас кәсіпкері Жан Төрегелдиева 2013 жылы өз қаржысына «Жаңару» балабақшасын ашты. Алайда бизнес-жоба кеңейтуді талап етті, сөйтіп жас кәсіпкер балабақшасын кеңейтіп, балалар мекемесі  ұсынатын қызмет санын арттыру үшін қосымша қаражат керек деп шешеді. Оның арманын жүзеге асыруға кәсіпкерлікті қолдау орталығы көмектескен», - деп атап өтті әкімдікте.  

Кеңесшілер кәсіпкерге кеңес бере отырып, қаржылық талдау жасап, құрылатын жұмыс орындары мен тәрбиелеу процесіне қажетті шығынды есептеп, бизнес-жоспар жасады. Жоба құны Т15 млн болды. Нәтижесінде бизнес-леди екінші деңгейлі банк арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 14%-бен қаражат алды. Оның 10% -ын мемлекет төлейді, қалған 4% -ын кәсіпкер төлейді. Алған қаражатын ол балабақша ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына, инвентарь, ойыншықтар мен балалар аттракционын сатып алуға жұмсамақ.    

adimage