ОҚО-дағы Мырзакент ауылының 1 мың тұрғынының үйі желтоқсанда газдандырылады

Шымкент. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент ауылын газдандыру басталды, деп хабарлады аудан әкімі Серік Тұрбеков.
«Мырзакент ауылын газдандыру басталды. Әзірге 30 үй қосылған. (...) Жыл соңына дейін көгілдір отын Мырзакенттің тағы 1 мың тұрғынының үйінде пайда болады», - деді С. Тұрбеков.
Оның айтуынша, өткен жылы Мақтааралдан Мырзакентке дейінгі жоғары қысымды газ құбырының құрылысы аяқталды. Газ қосу мүмкіндігі туындады, алайда жеке қаражаттар жетіспеді, және де бұл тұста «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы көмек қолын созды.
«Біз табиғи газды көптен күттік. Әйел адамдарға қалай қиын болғанын елестете де алмайсыздар - пешті көмірмен жақты, салқын суда кір жуды, тамақты қалай жасағаны түсініксіз, кейбіреулері отқа істеді. Бізде тіпті үйде, әйтеуір, газ плитасы пайда болды. Енді жылыту қазандығын сатып алу қалды», - деді жергілікті тұрғын Жаңылыс Жүнісова ауылды газдандыруды бастауға орайластырылған салтанатты рәсімде.
Аудан әкімдігінен атап өткендей, бұл ауылға газ беру - ОҚО Мақтаарал ауданын газдандырудың бастауы болды. Мұнда 182 елді мекен бар, ал газдандырылғаны тек 26-сы ғана. Сонымен қатар, ҚР өңірлік газдандыру схемасы жобасының аясында Қарақай, Атамекен, Жылысу ауылдық округтерінде 130 км газ құбыры салынған.

adimage