Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында педагогикалық институт проректоры алаяқтық үшін қамауға алынды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.
«Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 2014 жылдың 28 қазанында ҚР ҚК 177 б. 4 б. «б» т. (алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Ж. Қанатбекұлына қатысты таңдалған 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген сот хабарында.
Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, айыпталушы 2012 жылдың қарашасында пединститут проректоры бола жүріп, Е. Мейірбеков азаматқа аталған университет ғимаратында құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер ұтып беруде жәрдемдесуге уәде берген. Осылайша, айыпталушы Е. Мейірбековтен Т11 млн пара алған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43