ОҚО-дағы Састөбе цемзауытында сүзгі орнату жұмыстары аяқталды

Шымкент. 14 маусым. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысындағы Састөбе цемент зауытында сүзгі орнату жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Састөбе цемзауытында өндіріс процесі кезінде экологиялық нормаларды сақтауға арналған сүзгілерді орнату жұмыстары аяқталды. Енді зиянды қалдықтар электронды сүзгінің арқасында сыртқа шықпай, зауыттың өндірістік шаң-тозаңы үшін қоймада сақталатын болады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ зауыттың екінші және үшінші пештерінің күрделі жөндеуі аяқталғаны атап көрсетілген. Бүгінгі таңда зауыт цементтің 7 түрлі-түсті маркасын шығарады. Мұнда жылына 400 мың тоннадан астам өнім өндіріледі және 550-ден көп қызметкер жұмыс істейді.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жоғарды сапалы өнімнің 40%-дан астамы шекара сыртында сұранысқа ие, ол жаққа да экспорт жөнге салынған. Зауыттың шикізатпен де проблемасы жоқ, ол зауыттың тура аумағында орналасқан.
Кәсіпорында 2019 жылға дейін экологиялық талаптарды сақтау бойынша тағы бірқатар амал-шаралар жоспарланған. Бұл қоршаған ортаны қорғауға арналған жаңа экологиялық шешімдерді іске асыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпорын жақын елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бірнеше жобаны жүзеге асыруды қолға алған.

adimage