ОҚО-дағы шаруа қожалығының басшысы инновациялық жобаға жеңілдетілген несие алды

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалығының директоры кәсіпкерлікті қолдау орталығына хабарласқаннан кейін құрғақ түйе сүтінің өндірісі- инновациялық жобасына жеңілдік несиесін алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Отырар ауданындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығына барғаннан кейін  «Үсенов Н» ШҚ директоры Мырзахан Манапов 138 млн теңгеге несие алды. Оны «Түйе сүтінен ұнтақ дайындау өндірісі» жобасын жүзеге асыру мақсатында алған. Оған қоса несие де өте төмен пайыздық ставка бойынша алынған. Жылына 7% ставка бойынша», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Хабарда айтылғандай, КҚО сарапшысы Нұржан Үсенбаев мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерге кеңес беріп, бизнес-жоспар құруына көмектесіп, «Максимум» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-да қаржыландыру үшін жобаға толық қолдау көрсеткен.  
Шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді, шұбат шығарады, балаларға арналған биошұбат және түйе сүтінен құрт дайындайды.  Алайда М.Манапов кәсібін ары қарай жылжытуды ұйғарады. Сөйтіп, түйе сүтінің құрғақ ұнтақ түрін дайындауға, сүтті қайта өңдеуге және вакуумды қаптамаларға етті бөлшектеп салумен айналысуға шешім қабылдайды. Ол үшін өз өндірісін кеңейтіп, ҚХР –дан арнайы құрал-жабдық сатып алуды шешеді.    
«Максимум» ӨИО ЖШС» жобаны талдап, несиеге қолдау білдірген. Бүгінгі таңда кәсіпкер шетелдік құрал-жабдықты сатып алумен айналысуда», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.  

adimage