ОҚО-дағы туризмнің болашағы бар түрлері ретінде экологиялық, зиярат ету, жағажайлық және сауықтыру туризмі анықталды

Күні: 15:59, 25-10-2014.

Шымкент. 25 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік қазақстан облысындағы туризмнің болашағы бар түрлері ретінде экологиялық, зиярат ету, жағажайлық және сауықтыру туризмі анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары   Сапарбек Тұяқбаев.
«Экологиялық, зиярат ету, жағалажайлық және емдік-сауықтыру - туризм бағыттарының болашағы бар түрлері.  Қасқасу туристік аймағында қазірдің өзінде инфрақұрылым жасалып жатыр. Шардарадағы жағажай туризмі бойынша да құжаттама жасап жатырмыз, біздің жобалараымызды қолдауға дайын инвесторлар да бар», - деді С.Тұяқбаев Шымкенттегі халықаралық туристік форумда.  
Оңтүстік қазақстан облысындағы әкімдікте өңірге деген туристік ағымның артуын атап өтті.  Биыл ОҚО-ға шамамен 800 мыңдай адам келген.   Тек қана қазақстандықтар емес, шетелдік компаниялар да қатысқан туристік форумда ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды, деп атап өтті әкімдікте.  


Жаңалықтармен бөлісу: