ОҚО-дағы зауыт 100 тоннадай табиғи сүт өнімдерін шығарады

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы зауыт 100 тоннадай сүт өнімдерін шығарады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО зауыты 100 тоннадай сүт өнімдерін шығарады. Облыс әкімі ОҚО Төлеби ауданына жасаған сапарында «Фудмастер – Шымкент» кәсіпорнына барды. Тек соңғы үш айда кәсіпорында 3,8 мың тонна сүт өңделді, 994,8 млн теңгенің өнімі өндірілді», - деп хабарлады жүйсенбі күні облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
Хабарда аййтылғандай, жыл сайын ассортимент ұлғайып, өнім сапасы халықаралық стандарттарға сай келіп отыр. Зауыт 16 фермерлік шаруашылық пен 38 жеткізушімен ынтымақтаса жұмыс жасауда. Олар ОҚО халқынан күн сайын сүт алып отырады. Кәсіпорынның өзінде 120 адам жұмыс жасайды. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Төлеби ауданының өнімдерінің 60%-ы аграрлық секторға келеді. Ауданның бір кәсіпорнында жыл сайын 3 мың тонна қымыз өндіреді. Жақында өндіріс көлемін 5 мың тонна қымыз өндірісіне жеткізу жоспарда. Осы мақсатқа мемлекеттік Т12 млн субсидия бағытталмақшы.
Сондай-ақ ауданға сапары кезінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Ленгр қаласында жаңа емханаға барды. Онда бірден 200 адам дәрігерлердің көмегін ала алады. Емханада 40 дәрігер мен 150 медбике  жұмыс жасайды. Хабарда айтылғандай, бұл емхана мемлекеттік «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасымен салынған.

adimage