ОҚО-дағы жер иелері мақта өнімінің сапасын арттыру мақсатында оның көлемін қысқартып отыр

Шымкент. 23 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының жер иелері мақта өнімінің сапасын арттыру мақсатында оның көлемін қысқартып отыр, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдіктану бөлімінің бастығы Кеңесбек Алпысбаев.
«Оңтүстік-қазақстандық диқандар мақта өнімінің сапасы үшін оның көлемін қысқартып отыр. Біз саннан сапаға өтуіміз керек. Жоғарғы өнім беретін тұқымға өтіп, агротехникалық нормаларды сақтауымыз керек. Биылдың өзінде облыс бойынша орташа өнімділік гектарынан 26,7 центнерден деп болжанып отыр, ол былтырғыдан едәуір артық», - деді жұма күні К.Алпысов.
Маманның айтуынша, жоспарланған өнімнің жартысынан астамы жиналды. Мақта егістігінің алқабын әртараптандыру жоспарына сай Мақтаарал ауданында екі жылда аудан 28 мың гектарға қысқаруы керек. Ал босаған жерлерге көкөніс, жеміс, бақшалық дақылдар, мен мал азының шөптерін егіп тастау керек. Мысалы, «Қаршыға» шаруа қожалығы бақша және жүзім шаруашылығында өз күшін көргісі келді. Бұдан бірнеше жыл бұрын шаруашылық тек мақта егетін. Бүгіндері «Қаршығаға» тиесілі суармалы жерлердің жартысынан астамын қарқынды бау мен жүзім алып жатыр. Бұл ретте басқармадан оның ауданы жыл сайын артып келе жатыр дейді.
Одан басқа, «Арсенал сад» ЖШС күш-жігерін біріктіріп, кәсіпкерлер көшеттер мен жеміс-жидек дақылдары және жүзім көшеттерін өсірумен айналысып, жыл сайын миллионға жуық өндіруде. Сондай-ақ мұнда жеміс қоймаларын салу басталды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан айтқандай, мұнда 9 жыл бұрын жүзімдіктердің жалпы ауданы 17,3 мың гектар болатын, ал биылғы жыл соңына олардың ауданы 30 мың гектардан асады. Аймақта масақты дәнді дақылдарды толығымен 194 мың гектардан жинау аяқталды.
Астық өнімділігі гектарынан 19,1 центнер болды. Қорытындысында биыл 370 мың астық бастырылды, ал былтыр көрсеткіш 247 мың болған.

adimage