ОҚО-да жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жетімдер мен тұрмысы төмен азаматтар үшін көппәтерлі үй құрылысын аяқтады

Күні: 20:46, 16-11-2014.

Шымкент. 16 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда (ОҚО) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жетімдер мен жұмыссыздарға, тұрмысы төмен азаматтар үшін көппәтерлі үй құрылысын аяқтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-ның 604 кәсіпорнында әлеуметтік жұмыс орындары ашылған. Одан басқа, тағы 3490 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысты болды. Көппәтерлі үй құрылысы еңбек ресурстарын жұмылдыру бағыты бойынша аяқталды. Ондағы 480 пәтер балалар үйлерінің түлектеріне, тұрмысы төмен, жұмыссыз, өздерін жұмыспен қамтамасыз етіп жүргендерге және экономикалық әлеуеті төмен аудандардан келгендерге берілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен, әкімшіліктегі кеңесті қорытындылап.
Жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтерінше мембағдарлама аясында орталыққа келген 42 268 адаммен келісім жасалған. Атап айтқанда, «Ауылдардағы өндірісті дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша биыл Т3140,498 млн бөлінген. Ол соманың ішінен Т3120 млн шағын несиелендіруге беру жоспарланған, 1165 адам несие алды. Т20,498 млн кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған.
Жалпы алғанда ОҚО-да «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мембағдарламасы бойынша Т15,4 млрд соманың Т12,8 млрд сомасы игерілді, ол 83,1% деді әкімшіліктен.  Әкім орынбасары Ерлан Айтаханов жақсы көрсеткіштерді ұстап отыруға тапсырма берді, деді баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: