ОҚО-да «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 9157 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген

Шымкент. 27 мамыр. ҚазТАГ –  Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 9157 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлады облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.
«Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 9157 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Биыл жұмыссыздық деңгейін 2%-ға төмендету мүмкін болды. Жұмыс іздеп келгендердің арасында орналасқандардың үлесі 53%-ды құрайды», - деп хабарлады Ә. Темірбаева сәрсенбі күні Шымкенттегі есеп кезінде.
Ведомство жетекшісі бағдарлама аясында 13 203 азаматпен келісім жасалғанын, олардың бағдарламаның барлық бағыттарын жүзеге асыру кезінде жұмылдырылатынын атап өтті.
Сөйтіп, бірінші бағыт бойынша ауылдық жерлерді абаттандыру жөніндегі жұмыстарда 822 уақытша жұмыс орындары ашылған болатын. 29 нысан анықталды. Екінші бағыт бойынша 60 адам Т132,7 млн сомаға шағын несие ала алады, бұл тағы 168 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Үшінші бағыт шеңберінде 9157 адам тұрақты жұмысқа тұрады, 827 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталады, ал 445 жас маман оқытудан соң жастар тәжірибесіне жіберіледі.
Облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының мәліметтерінше, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы облыстағы жұмыссыздық деңгейін азайтуға көп септігін тигізіп отыр.

adimage