ОҚО-да жүзім мен жеміс-жидек дақылдары егілетін ауданды 2017 жылға қарай 8,5 мың га-ға дейін арттырады

Күні: 18:06, 01-11-2014.

Шымкент. 1 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) жүзім мен жеміс-жидек дақылдары егілетін ауданды 2017 жылға қарай 8,5 мың га-ға дейін арттырады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
«Облыста 2014-2016 жылдары қарқынды бақтарды дамытудың шаралар жоспары бекітілген. Биыл 2251 га ауданға жеміс-жидектер (оның ішінде қарқынды бақтар 600 га-ға), жүзім 744 га-ға отырғызылды. 2015 жылы қосымша 4 мың га-ға, 2016 жылы 4500 га-ға жеміс-жидек және жүзім отырғызу жоспарлануда», - делінген әкімшілік хабарында.  
Баспасөз қызметінен атап кеткендей, осының нәтижесінде Қазақстан халқы жеміс-жидек және жүзіммен қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте облыста өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі республикадағы жалпы көлемге шаққанда: мақта - 100%, жүзім – 70%, бақша дақылдары – 64%, cафлор – 49%, жеміс-жидек – 40%, көкөніс – 23%.
Сондай-ақ хабарда айтылғандай, жыл соңына дейін өңірдегі жылыжайдың жалпы ауданын 900 га-ға дейін арттыру көзделуде. Қазір олардың ауданы 871 га, олардан 120 мың тонна өнім жиналады. Одан басқа, жыл соңына дейін сыйымдылығы 10 мың тонна болатын заманауи көкөніс қоймасын ашу жоспарлануда. Әкімшілік мәліметтерінше, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі Т227 млрд болып, ол былтырғымен салыстырғанда Т6 млрд-қа артық болды.


Жаңалықтармен бөлісу: