ОҚО-да жаңадан құрылған кеңестің көмегімен инвестициялық климатты жақсартуға ниетті

Шымкент. 14 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторлардың жаңадан құрылған кеңесі шетелдік капиталды тарта отырып, компания проблемасын шешетін болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«ОҚО-дағы шетелдік инвесторлар кеңесі шетелдік капиталды тарта отырып, компанияның проблемасын шешетін болады, кеңес ОҚО кәсіпкерлер палатасы жанында құрылған және шетелдік бизнеске проблемаларды шешуге, инвестициялық климатты жақсартуға, жаңа инвесторларды тартуға көмектеседі», - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
  
Баспасөз парақшасында көрсетілгендей, ОҚО-дағы кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталар арасында аталмыш кеңесті құрған бірінші палата. Сонымен кездесуде шетелдік бизнесмендер басты проблемаларын ортаға салды. Атап айтсақ, теңге бағамының күрт өзгеруінен жұмыс жасау қиындап кеткені, электр тоғы мен салық салуда жеңілдіктердің жоғы. Сонымен қатар, сырттан жұмыс күшін тартуда да проблемалар орын алып жатады.  

«Қазір біз өнім бағасын барынша көтеруге мәжбүрміз, себебі жиһаз шығаруға қажет бөліктердің барлығын біз сырттан әкелеміз. Бұл халықтың сатып алушылық қабілетін төмендетіп, компания жұмысына кері әсерін тигізеді. Біз қазір бұған дейін жоспарлаған 27 миллион доллар шамасындағы қосымша инвестициялауды тоқтата тұруға мәжбүрміз», - деп келтірген баспасөз қызметі компанияның бірінің директорының сөзін.

Сонымен қатар кәсіпкерлерді сырттан мамандар тарту мүмкіндігі де толғандырып отыр.  

«Оңтүстік Қазақстан облысында қызмет көрсету саласының мамандарын табу қиын. Менің ойымша, білім беру орындарында шетелдік компаниялар үшін мамандар даярлайтын арнайы бөлімше ашу керек», - деп білдірді ойын Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің бас менеджері Ибрагим Чилик.

adimage