ОҚО ҮИИД аясында Қазығұрт ауданында құны Т1,1 млрд болатын 3 жоба іске асырды

Күні: 10:46, 12-11-2014.

Шымкент. 12 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы аясында құны Т1,1 млрд болатын 3 жоба іске асырды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
«Қазығұрт ауданында ҮИИД индустриалдау картасы бойынша 3 жоба іске асырылды.  Олардың жалпы құны 1 млрд 129,5 млн теңге. Келесі жылы құс етін өндіру жобасы іске асырылады, мал бордақылау алаңдары құрылады, үйрек пен балық өсіру жоспарлануда. Осының барлығы жаңадан 130 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді сәрсенбі күні облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Одан басқа, баспасөз қызметінің мәліметтерінше, ауданда 8 жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау тапты, және де олардың 4-еуі үшін инфрақұрылым жүргізілген. Сондай-ақ өңірде белсенді түрде шағын және орта бизнес дамып келеді. Мысалы, биыл ШОБ нысандарының саны 5981 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: