ОҚО кәсіпкері бизнесін дамытуға Т12 млн кредит алды

Шымкент. 28 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Сәрсенбек Үркімбаев көлік саласындағы бизнесін дамытуға тиімді кредит алды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының тұрғыны көлік саласындағы бизнесін дамытуға тиімді кредит алды. «Даму-өңірлер – 3» мемлекеттік бағдарламасына қатысатын жеке кәсіпкерге 14 пайыз жылдық сыйақымен 84 айға 12 миллион теңгелік қайта толтырылмайтын кредиттік желі ашылды», - деді облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
Оңтүстік Қазақстан облысының Отрар ауданының тұрғыны Сәрсенбек Үркімбаев 20 жылдан астам уақыт көтерме саудада жұмыс істеді. Сөйтіп ол көлік қызмет саласын да игеретін сәт жетті деп шешті. Мәселе С. Үркімбаевтың көтерме сатып алушылардың дүкендеріне тауарларын «пирожковозда» таситындығында еді, сұраныс  артқан сайын дүкендеріне, базарлар мен сауда нүктелеріне тауар апаруын қалайтын тапсырыс берушілер де арта түсті.  
Осыған байланысты жеке кәсіпкер бизнесін кеңейтпекші болды, сондықтан жүк көлігін алу қажеттігі туындады. Одан басқа, бизнесмен жоспарында Жамбыл және Қызылорда облысының саудагерлерімен ынтымақтасу да бар еді. Ол жақтан өнім жеткізуге тапсырыс та келіп жатты. Сондықтан бизнесмен жүк таситын үлкен DAF машинасын сатып алып, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қазақстанның басқа да өңірлеріне, тіпті ТМД елдерінің кәсіпкерлеріне көлік қызметін көрсету керек деп шешті.  
Ол өз мақсатын іске асыру үшін бірнеше рет банктерге жүгініп көрген еді, одан түк те шықпады. Кейін кәсіпкерлер палатасында бизнесменге бизнес-жоспарын құруға көмектесіп, мемлекеттік бағдарламаның егжей-тегжейін түсіндірді. Осы атқарылған жұмыстардан кейін ғана кәсіпкер өз бизнесін дамыту үшін облыстың бір банкінен кредит ала алды. Баспасөз қызметінен атап өткендей, банкирлерге осы жобаның тиімділігін және келешекте кіріс беретінін, қарыз қаражатты қайтара алатындығын дәлелдейтін есептері ұнапты.

adimage