ОҚО кәсіпкері синтепонды бумалап шығаратын болды

Шымкент. 31 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының кәсіпкері синтпонды балап шығаруға кредит алды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының кәсіпкері синтпонды бумалап шығаруға кредит алды. Ол облыстық кәсіпкерлер палатасының арқасында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау алды», - деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
Хабарда айтылғандай, «КазИнновация Лидер» ЖШС компаниясы Т20 млн кредиттің  пайыздық мөлшерлемесіне субсидия алды.  Бұл Жетісайлық кәсіпкерге өзінің бизнесін шешуге мүмкіндік береді.
Баспасөз қызметінен атап кеткендей, компания жетекшісі Ержан Сламбаев көп жылдан бері бумаланған синтепон шығаратын жабдық сатып алуды армандайтын. Оған Мақтаарал ауданының кәсіпкерлерді қолдау орталығы көмектесті. Онда оған мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржылық көмекті қалай алу керектігін түсіндіріп, қажет құжаттарды жинауға көмектесті. Нәтижесінде бизнесмен осы қолдауды пайдаланып, өзінің кредиті бойынша банктың пайыздық мөлшерлемесін жылдық  4% -ға дейін төмендете алды, ал қалған 10%-ды кәсіпкер үшін банкке үкімет төлейтін болды.
Қазіргі сәтке «КазИнновация Лидер» ЖШС компаниясы ОҚО Мақтаарал ауданындағы поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалатын бұйымдар шығаратын ең ірі көтерме саудагер. Сондай-ақ ол кәсіпорын синтепоннан жасалатын бұйымдарды – жастықтар, көрпеше мен төсеніштерді шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
Қазір компания өз бұйымдарын Алматы мен Шымкент базарларында сатады.

adimage