ОҚО кәсіпкеріне ерекше қант опасының өндірісін кеңейтуге мембағдарлама бойынша көмектеседі

Шымкент. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) кәсіпкерге ерекше қант опасының өндірісін кеңейтуге мембағдарлама бойынша көмектеседі, деп хабарлады «Шымкент-инновация».  
«Біз оған қаржыландырудың бірнеше жолын ұсындық. Олардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бойынша грант беру. Айта кетерлігі, осы бағдарлама бойынша биыл 31 млн сомаға 8 инновациялық жоба қаржыландырылды», - деді «Шымкент-инновация» директорының орынбасары Арман Жалмағамбетов.
ОҚО биотехнолог Талғат Бакинов тәулігіне 5 мың қорап «Биолакто-С иммун» функционалды қант опасын шығарады. Оның айтуынша, бұл көлем «аздау және оны кеңейту керек».
Оның инновациялық өнімі диабетиктер үшін қант алмастырғыш. «Лайт-сахар» («Лайт-қант») (жаңалық аты) қант диабетімен ауратын науқастардың барлық қалауын ескере отырып дайындалған.  
«Диабетиктер үшін көптеген тәтті дәм бергіштер бар, бірақ олардың құрамына крахмалдан басқа зиянды натри сахарині мен натри цикломаты кіреді. Ал олар менің «Лайт-қантымда» жоқ», - дейді Т. Бакинов.
Инновациялық қанттың салмағы 2 гр. Сырттай ол рафинад қанттан айырмашылығы жоқ, ал дәмі жағынан 5 есе тәтті. Оның негізінде фруктоза қолданылады, ал ол табиғи көмірсутектеріне жатады және оны пайдалану қандағы қант деңгейінің тербелісін және инсулиннің күрт өсуін тудырмайды.

adimage