ОҚО кәсіпорындары 2014 жылы жұмыскерлеріне Т210 млн қарыз болып қалды

Шымкент. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – ОҚО кәсіпорындары өздерінің жұмыскерлеріне Т209,7 млн қарыз болып қалды, деп мәлім етті облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Биыл кәсіпорындар мен мекемелер өздерінің жұмыскерлеріне 209,7 млн теңге қарыз болып қалды. Қарыздар арасында 48 компания бар», - деді ОҚО мемлекеттік инспекторы Бастар Есқараев.
Оның айтуынша, облыстық еңбек инспекторының араласуынан соң қарызды жартылай жабу мүмкін болды. Сөйтіп, жұмыс берушілер Т199,3 млн төледі.
Биыл инспекторлар барлығы 657 кәсіпорынды еңбек заңдылықтарының сақталуына тексерді. Қорытындысында 1754 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге Т14 млн 495 мың 604 сомалық 366 әкімшілік айыппұл төлеуіне тура келді.

adimage