ОҚО кәсіпорындары жылына 5 мың дана трактор мен ауыл шаруашылық техникаларын шығара алады

Шымкент. 31 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО)  «KazKioti» ЖШС жылына 5 мың дана трактор мен ауыл шаруашылық техникаларын шығара алады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«KazKioti» ЖШС жылына 5 мың дана трактор мен ауыл шаруашылық техникаларын шығара алады. Бұл оңтүстік-қазақстандық трактор зауытының бірінші желісі. Өндіріс кәрістердің Daedong компаниясымен бірлесіп ҮИИДБ Индустриалдау картасы аясында іске асырылып жатыр. Жоба құны 7 млрд 200 млн және мұнда 400 адам жұмыспен қамтамасыз етілген», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қазір зауытта тракторларды ұсақ бөлшектерден құрастыру ұйымдастырылған, деп хабарлады баспасөз қызметінен. Өндірістің ерекшелігі трактор құрастыруға керек әр қосалқы бөлшектің толығымен боялатындығында. Одан басқа, қазақстандық құрамды арттыру үшін тікелей қосалқы бөлшектер өндірісіне керек жабдықтар сатып алынған. Жыл соңына дейін кейбір қосалқы бөлшектердің өндірісін ұйымдастыру жоспарланған. Осылайша кабиналардың қаңқасын, дискілерді, алдыңғы ауыртпалық салмақты, ілінетін жабдықтарды – соқалар, тұзақтар, тіркемелер, қопсытқыштарды және басқа жабдықтарды шығару қолға алынады.
Зауытта қуаты 60-тан 100 аттық күште болатын «Kioti» маркалы тракторлар шығару жоспарлануда.
Өнім әлем стандарттарына сай келіп, ол келешекте облыстағы тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын толығымен жаңасына алмастыруға мүмкіндік береді. Келешекте өнімді ТМД елдеріне экспорттау жоспарлануда.
Одан басқа, зауытта конструкторлық бюро бар, ол трактор сипаттамасын жеке тапсырушының өтініші бойынша өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы 3D принтер, 3D-сканер және тестілік модульдау жабдықтары сатып алынды.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, конструкторлық бюро өздерінің патентіндегі қазақстандық мұқтаждықты ескеретін қосалқы бөлшектер модульдеп шығаруына мүмкіндік береді.
Әзірге кәсіпорындағы қазақстандық мазмұн 30%-ды құрайды, бірақ 2017 жылға қарай қазақстандық құрамды 60% деңгейге жеткізу жоспарда.

adimage