ОҚО әкімдігіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды

Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Б. Атамқұловтың кандидатурасын депутаттарға облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында таныстырды. Депутаттар бір ауыздан жаңа облыс басшысының тағайындалуына келісім берді.  
Мемлекет басшысы сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты, оның барысында депутаттар облыстың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.
Қазақстан Президенті бұрынғы әкім А.Мырзахметов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А.Мырзахметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып саналатын «Нұр Отан» партиясының басшылығында қажет екенін айтты.
51 жасар Б. Атамқұлов әр кезде сыртқы экономикалық байланыс, өнеркәсіп және сауда министрлігінде қызмет атқарып, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі болды, Малайзияда, Индонезияда, Филипинде елші болып қызмет атқарды. Осы тағайындауларға дейін Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінде болды.
Бұрын хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

adimage