ОҚО әкімі аймақтың бірқатар өндірістік кәсіпорындарында болды

Шымкент. 23 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт.Атамқұлов қаладағы бірнеше кәсіпорындарды аралады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, онда ол жоғары вольтті электротехникалық құрылғылар шығаруға маманданған зауыттың жұмысымен танысты. Завод «Электроаппарат» ЖШС-і 1960 жылдың 1 мамырында құрылған. Кәсіпорында электроқұрылғылар шығару бойынша кіші кластер құру сұрақтары талқыланды.
«Сондай-ақ ол қорғасын өндіретін «Южполиметалл» АҚ-да болды(Шымкент қорғасын зауытында)», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, онда кәсіпорынды кіші және орта бизнесті дамытатын индустриалды алаңға айландыру мәселесі талқыланды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстанға іс-сапары барысында аталмыш кәсіпорынды қала сыртына көшіру және орнында индустриалды аймақ құру қажеттілігін айтқаны белгілі(қорғасын зауытының аумағында – 103,636 га). Кәсіпорын басшыларымен территорияны  тазарту, өнеркәсіптік аймақты Абай ауданын дамыту мақсатында қолдану жөнінде айтылды.
Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 3,0 пайызын өндіретін 163 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста 2197 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 155 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1635, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 156. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 40,2 мың адамды құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны - 25,6 мың адам, электр энергиясын, газбен суды өндіру және бөлу секторында - 8,0 адам.

adimage