ОҚО әкімі өңірдегі экономикалық аймақтардың даму нәтижелеріне оң бағасын берді

Шымкент. 3 қыркүйек. ҚазТАГ Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімі Бейбіт Атамқұлов «Оңтүстік» индустриялы аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Атап көрсетілгендей, облыс басшысы арнайы экономикалық аймақтарда жылдар бойы атқарылған жұмыстар нәтижесін бере бастағанын, өндірістік қуаттылықтың артқанын атап өтті. Оның айутынша, «индустриялы аймақтар үлкен әлеуетке ие».

«Осы жылдар бойы олардың (индустриалды аймақтардың –ҚазТАГ) істеген жұмыстары елеулі нәтижелер бере бастағанын көріп отырмыз. Енді осы қарқынды арттыра түсу қажет», - деді Б.Атамқұлов.

Сонымен қатар «Оңтүстік» ИА-да жалпы құны 66 млрд. теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылып жатқаны хабарланады. Оның ішінде 18,5 млрд. теңгені құрайтын 36 жобасы қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 2 782 жаңа жұмыс орны ашылды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінетін қаржының жалпы сомасы 81,67 млрд теңге. 6 мыңнан астам жұмысорнын ашу жсопарлануда. Индустриалды аймақ жұмыс жасағалы бюері 53 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бюджетке салықтық түсімдер ретінде 3,5 млрд. теңге түскен.

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 22,6 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі компания жұмыс жүргізеді. Мұнда 1 445 жаңа жұмыс орны ашылған.

«Оңтүстік» АЭА құрудағы мақсат – тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттігін арттыру, бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемнің барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруге алғышарттар жасайды. АЭА аумағына 200 га жер бөлінген, ол көлік және жылу инфрақұрылымына ыңғайлы орналасқан.  

Облыс басшысы сондай-ақ, кілем, иірілген жіп, кеңірдектенген картон, қағаз, киім, мақта талшықтары, мақта целлюлозасын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Аталмыш өнімнің барлығы толығымен экспортқа шығарылады.  

adimage