ОҚО әкімі канадалық компанияларды тарту үшін өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Шымкент. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов канадалық компанияларды тарту үшін өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«ОҚО әкімі канадалық компанияларды тарту үшін инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Оған облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов ҚР-дағы Канаданың төтенші және өкілетті елшісі Шон Перри Тайл мырзамен кедесуде тоқталды», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Кездесу барысында әңгіме канадалық бизнесті өңір экономикасына инвестициялау мүмкіндіктері жайлы болды. Шетелдік қонақ оның елінде оңтістіктегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуын қолдайтынын айтты. Канадалық қонақтар күркетауықтың етін қайта өңдейтін «Ордабасы құс» құс фабрикасында болды, өндіріс барысымен танысты. Сонымен қатар «Амангелді» шаруа қожалығының қарқынды бақшалары мен ірі қара малды жасанды ұрықтандыру орталығында болды.  

«Бізге сіздің өңірмен әріптес болу қызықты. Біз оның тиімді болатынына сенімдіміз. Мұнда түрлі бағыттағы жобаларды жүзеге асыру үшін алаңдар өте көп. Біз бұл жерде ауыл шаруашылығының да «өте жақсы» дамығанын көрдік. Бізде ол енді ғана дамып жатыр, ал мына жақты сәтті жүзеге асырылуда», - деп бөлісті пікірімен канадалық елші.
  
Канадалық делегацияны мұнай-газ машина құрылысы  саласы ды қызықтырды. Олар Созақ ауданындағы «Инкай» ЖШС өнеркәсіп нысанын аралады. Сондай-ақ канадалық бизнесмендер кен өндіру және оны Канадаға тасымалдау жобасына инвестиция салғылары келетінін айтты.

«Сіздің өңірде пайдалы қазбалар өте мол, бізді бұл бағыт қызықтырады. Мен өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенемін», - деді ол.

Сонымен қатар, канадалық делегация Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді аралады. Ал ОҚО әкімі Б.Атамқұлов канадалық бизнесмендерге туризм саласына да назар аударуды ұсынды.  

adimage