ОҚО әкімі мердігер компанияларға салалық нысандарды салғанда спортшылардың пікірін ескеруді ұсынды

Күні: 20:25, 17-11-2014.

Шымкент. 17 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімі Асқар Мырзахметов мердігер компанияларға салалық нысандарды салғанда спортшылардың пікірін ескеруді ұсынды.
«Спорттық нысандардың құрылысына спортшылардың өздерін тарта отырып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру керек. Салынып жатқан ғимараттар әлемдік стандарттарға сай болуы керек», - деп айтқан А. Мырхзахметовтың сөзін баспасөз қызметі дүйсенбі күнгі хабарында келтіріпті.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, облыс басшысы қалаға жасаған жұмыс сапары барысында көркем гимнастикалық спорттық кешен құрылысының және Бадам су қоймасындағы су спортының түрлерінен әмбебап жаттығу базасының құрылысының барысымен танысты. «Ол нысандардың құрылысы бюджет есебінен болып жатыр және олар 2015 жылы тапсырылады. Құрылыс кесте бойынша жүріп жатыр», - деді А. Мырзахметов.
Әкім құрылысқа жауапты шенеуніктерге құрылыстағы қолданылатын материалдар сапасына мұқият қадағалау жасап отыруды тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: