ОҚО әкімі Отырар ауданындағы кәсіпорындарды аралады

Шымкент. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының кәсіпорындарын аралады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов  жұмыс сапарымен Отырар ауданында болды. Аймақ басшысы алдымен Шілік ауылындағы «Жаңа - жер» шаруа қожалығының жұмысымен танысты», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Хабарда айтылғандай, Онда ет, сүт, шұбат, жұмыртқа секілді өнімнің төрт түрі өндіріледі. Шаруақожалығының төрағасы Ж.Құдіретуллаев мәлімдегендей, мұнда тәулігіне 5 тонна сүт өнімдері, 150 литр шұбат, 3 тонна еті өнімдері мен бес мың данаға жуық жұмыртқа өндіріледі.

Содан кейін өңір басшысы Темір ауылдық округіндегі «Отырар-Дән» жүгері кептіру және сақтау кешенінің жұмысын аралап, индустриалды аймақ пен жаңа жүгері өңдеу зауыты құрылысының жобасымен танысты. Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін жүгері дәнін кептіріп, сақтауға қауқарлы. Мұнда жергілікті 35 адам жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі Отырар ауданының Көкмардан ауылына да ат басын бұрды. Мұндағы «Үсенов Н.» ШҚ тауарлы сүт фермасы және сүт өңдеу кәсіпорнының экологиялық таза шұбаты, био шұбаты, пастерленген түйе сүтімен танысты.

«Түйе сүтін өңдеу» жобасы 2012 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Бүгінгі таңда дайын өнімдер Шымкент қаласынан бөлек, Алматы, Астана қалаларына шығарылып сатылуда. .  

adimage