ОҚО әкімі Сайрам ауданындағы сүт өндірісін аралады

Шымкент. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданындағы сүт өндірісін аралады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Сайрам ауданындағы сүт өндірісін аралады. «Сайрам сүт» зауытына өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов осу ауданға сапары аясында соқты», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Өңір басшысы сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру процесімен танысты.  Отандық өнім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысқан аймақ басшысы мұндағы тірлікке көңілі толатындығын, алайда кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының аздығын айтты.  

«Жамалбек, сен қызметкерлерің үшін жауап бересің. Олар 35-40 мыңға қалай өмір сүреді? Жалақы мәселесін міндетті түрде қайта қарау керек», - деді өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов.  

Зауыт директоры жалақы мәселесін қайта қарауға қарсы емес. Алайда оның айтуынша, өнімдердің бағасын көтеру керек. Зауытта өнімнің барлық қаптамалары, жуу құралдары, ашытқысы шетелден әкелінетіні айтылды. Мұнда ешкім ондай шығармайды. Ал жеткізушілер болса өнімдерінің қымбаттағаны туралы ескерту жіберген. Міне сондықтан, «Сайрам сүт» кәсіпорынының басшылығы қыметкерлерінің жалақысын көтеруі мүмкін екендігіне сенім білдірді.
  
Өндіріс орнында күніне 20 тонна сүт өңделсе, осы жылдың 6 айында мың тонна сүт өнімдері өндірілген. 10 жыл бұрын нарыққа шыққан бұл компания өткен жылы Индустрияландыру картасына енген. Өндірісте Ресей Федерациясының технологиялық құрал-жабдықтары қолданылуда. «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған бұл кәсіпорын 60 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр.  


adimage