ОҚО әкімі су сорғыларын шығаратын зауытта болды

Шымкент. 7 қазан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі су сорғыларын шығаратын зауытта болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкеттегі «Karlskrona LC AB» серіктестігінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Компанияда су сорғылары мен уран өндіретін кәсіпорындарға қажет құрылғылар шығарылады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.  

Баспасөз қызметінің ақпарынша, аталмыш кәсіпорын Қзақастан нарығында 12 жылдан бер іжұыс жасап келеді, ал Шымкенттегі филиалы 2011 жылы ашылған. ТМД елдерінде жоқ жоғары технологиямен жасалатын құрылғылар жылына 6,5 мың данамен өндіріледі.  

Жарамдылық мерзімі 20-30 жылдан асатын зауыт тауарларына бес жылға дейін кепілдік беріледі. Кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылған.  

Баспасөз қызметінің ақпарынша, «Karlskrona LC AB» неміс зауытынан шыққан өнімдердің 90 пайызы ішкі нарықта саудаланады. Атап айтқанда, тауарлардың басым бөлігі «ҚазАтомПром» АҚ-на тасымалданса, су сорғылары Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су арналарына жеткізіледі. Ал Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанға шығарылған өнімнің 10 пайызы экспортталады.  

Бүгінгі таңда Шымкенттегі индустриалды аймақ маңында компанияның болат құю зауыты салынып жатыр. Жаңа зауытта су сорғыларының корпусы жасалып, құрыш табағы құйылатын болады.

adimage