ОҚО әкімінің орынбасары Түлкібас ауданындағы кәсіпорын жұмысымен танысты

Шымкент. 6 қазан. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков Түлкібас ауданындағы кәсіпорын жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қзыметінен.

«Түлкібас ауданындағы кәсіпорын жұмысымен ОҚО әкімінің орынбасары танысты. С. Қаныбеков ол жаққа жұмыс сапарымен барған болатын. Бірінші кезекте ол Түлкібас ауылындағы «Бәйтерек-4» өндірістік базасына барды», - деп хабарлады әкімдіктен.  

Баспасөз қызметінің ақпарынша, бұл кәспіорын жылына 1,5 мың тонна көлемде өнімді өңдеуге қабілетті. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырудың арқасында іске қосылған. Бұл жерде 25 адам жұмыспен қамтылған.  

Сонымен қатар, Түлкібасқа барған сапарында С.Қаныбеков Кереит ауылындағы «Арсен Ас» ЖШС цехына да барды. Ол жерде жемістер концентраты мен табиғи шырындар шығарады. Жобаның жалпы құны – Т600 млн. Бұл соманың Т120 млн.- компанияның өз қаржысы, ал Т480 млн. «Максимум» шағын несие орталығынан алынған. Өнідірсті іске қосу арқасында 40 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.  

Сапар аясында облыс басшысының орынбасары Кершетас және Жабағлы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылысы барысымен, «Арғымақ» және «Руслан» туристік базасындағы газ құбыры құрылысымен танысты. Баспасөз қызметінде атап өткендей, аталмыш құрылыс жұмыстары «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. С.Қаныбеков жұмыстарға оң бағасын берді, дегенмен аудан басшылығына құрылыс сапасын бақылауды тапсырды.    

adimage