ОҚО Леңгерде Астана күніне орай акцияның аясында кәсіпкерлер мектебі ашылды

Шымкент. 2 шілде. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысында «Астана күніне орай сыйлық  75 нысан» акциясының аясында кәсіпкерлер мектебі ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«ОҚО Леңгерде «Астана күніне орай сыйлық  75 нысан» акциясының аясында кәсіпкерлер мектебі ашылды. Құрылыс 7 айда аяқталып бітті. Енді мұнда Леңгердің барлық қаржы институттары мен аудандық әкімдіктің құрылымдық бөлімдері орналасатын болады», - деді әкімдіктегілер бейсенбіде.
Енді Төле би ауданының кәсіпкерлері бір жерден бірден бірнеше қызметті ала алатыны атап көрсетілген. Бұл жерде «бір терезе» қағидаты бойынша операциялық залда қызмет көрсетіледі.
Одан өзге, мектепте мәжіліс залы да және екі арнайы жабдықталған оқу кабинеттері бар. Кәсіпкерлер мектебінен бөлек, акция шеңберінде Төле би ауданында сондай-ақ 24 әлеуметтік нысан ашылған болатын. Сөйтіп, нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың жатын корпусы салынып біткен, ол қазынаға Т231 млн-ға шыққан, ал Бейнеткеш аулында  175 орындық мектеп құрылысы.
Баспасөз қызметі сонымен қатар акция аясында аудан тұрғындары су мен газды алғанын хабарлады. Мәселен, сапалы ауыз сумен Көксаяқ, Қаратөбе, Жамбыл, Қостөбе, Балдыберек, Майбұлақ және Төңкеріс елді мекендеріндегі 18 мың дерлік тұрғын қамтамасыз етілген. Ал Қаратөбе мен Тасарық ауылдық округтеріндегі елді мекендерде магистральдық су тартқыштың құрылысы аяқталды және ол пайдалануға берілді.
Табиғи газбен 14 елді мекеннен 30 мыңға жуық тұрғын қамтамасыз етілген.
Баспасөз қызметінен атап көрсеткендей, «Астана күніне орай сыйлық  75 нысан» акциясының аясында ОҚО 14 ауданында кәсіпкерлік мектептер, мектептер, балабақшалар, жатақханалар, тұрғын үй, спорт нысандары, демалыс аймақтары, сондай-ақ ағын суларды тазалайтын кешен, тігін фабрикасы, арматуралық, қоқыс өңдейтін және трактор зауыттары тапсырылатын болады.

adimage