ОҚО Мақтаарал ауданында ҮИИД бағдарламасының аясында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – ҮИИД бағдарламасының аясында ОҚО Мақтаарал ауданында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«ҮИИД аясында Мақтаарал ауданында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың барлығы 2 млрд 400 млн теңге сомасына», - деді баспасөз қызметінен бейсенбіде.
Нақтыланғандай, 2 жоба осының өзінде жүзеге асырылған. Мәселен, мақта өңдеумен айналысатын «Мырзакент» ЖШС кәсіпорны іске қосылған. Сондай-ақ «Арсенал-бақ» көкөніс қоймасы пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін, әкімдіктің мәліметінше, «Хаят» аяқ киім фабрикасы іске қосылады.
Хабарланғандай, ауданда 32291 кәсіпкер жұмыс істейді, бұл өткен жылғыдан 6,5 мың адамға көп. Биыл Т964,6 млн-ға 587 жоба қаржыландырылған.

adimage