ОҚО Мақтаарал ауданында мақтаның 70%-ын машинамен жинау жоспарлануда

Шымкент. 9 тамыз. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында мақтаның  70%-ын машинамен жинауды жоспарлауда,  деді «Мақта шаруашылығы» ҒЗИ директоры   Ибадулла Умбетаев.
«ОҚО Мақтаарал ауданында мақтаның 70%-ын машинамен жинау жоспарлануда. Былтыр машинамен мақтаның  50% -ы жиналған болатын. биыл қол жұмысын барынша қысқартамыз. Бұл әлбетте жиналған мақта көлемін арттырады», - деді ол.  
Мақта саласының болашағы Шымкентте өткен  «Talks2050: Мақта-ОҚО ақ алтыны» ресми емес формуында талқыланды.  Үлкен масштабта өткен бұл шараға 200-дей адам қатысты. Форумды «Қазақстан-2050» жалпы қоғамдық қозғалысы мен Оңтүстік Қазақстанның облыстық әкімдігі ұйымдастырған.  
«Ондаған спикер жасаған баяндамалар нәтижесінде  екі сағат ішінде қатысушылар саланың дамуы туралы, ондағы проблемалар мен шешу жолдары туралы көп мағлұматқа ие болды», - деп ойларымен бөлісті форумға қатысушылар.  
Спикерлердің айтуынша, ең өзекті мәселенің бірі жерді мелиорациялау.  Мақта өсіретін аудандардың барлығында жерлердің бәрі орташа және аздап тұзды болып келеді, бұл өнімділікті 5-6% төмендетеді.
«Тағы бір мәселе бар, - дейді «Мақта шаруашылығы» ҒЗИ директоры   Ибадулла Умбетаев, - ол тұқым өсіру.  Субсидиялау жүйесінің өзгеруінен соңғы екі жылда ОҚО шаруашылық қожалықтары тұқым себумен айналыспайды. Бұрын 23 сондай шаруашылық болатын, қазір 9. Біздің өңірге 4500 тонна сұрыпты тұқым керек, бірақ бізде тек 2000-2500 мың тонна ғана бар.    
Дәл сол себептен шаруалар егістіктің жартысын мақтаның техникалық сұрыптарымен егеді. Ол өз кезегінде өнімге әсер етеді, ол төмендейді. Бұл мәселеде мемлекет көмегі керек».
Форумда спикерлер қазір мақта өндірушілердің алдында мінджет тұр – мақта егістігінің ауданын азайтып, бұл ретте өнім көлемін азайтпау керек. 2020 жылға қарай өңірдегі мақта егістігінің ауданын 75-80 мың гектарға азайту ниетте, ал бүгіндері оның ауданы 102 мың гектардай. Ол үшін аймақта жұмыс жүргізілуде: мамандар тұқымның жаңа сорттарын шығаруда, инновацияны енгізуде, мақтаны қолмен жинаудан бас тарпақшы.

adimage