ОҚО-ның түйетауық еті мен бал өндірушілері 2015 жылы ҚХР нарығына шықпақшы

Күні: 21:04, 07-11-2014.

Шымкент. 7 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының түйетауық еті мен бал өндірушілері 2015 жылы ҚХР нарығына шықпақшы, деп мәлім етті ҚР омарташылар қауымдастығының төрағасы, бизнесмен Сергей Терещенко.
«4 жылда омарташылар қауымдастығы елдегі бал өндірісін 8 есеге арттырды. Келесі жылы Қытай нарығына шығамыз. Қытай нарығына біз түйеқұс етімен шығуға тырысамыз, оларда оны өндірмейді», - деді С. Терещанко жұма күні халықаралық инвестициялық форумда.
Оның пікірінше, қазіргі уақытта елдің азық-түлік қауіпсіздігі туралы қамдану керек. ОҚО бірқатар компаниялары осы бағытта жұмыс жасауда.
«Азық-түлік өнімдерін өндіру басым бағыт болуы керек. Мен онымен 20 жылдан бері айналысып келемін және одан ары да айналысамын. Біздің «Ордабасы құс» кәсіпорнымыз түйеқұс етін өндіруден 5 жылда 100 мың тонна күркетауық етін $1 млн сомаға өндірді», - деді ол.  
Бизнесменнің айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда балық саласын дамыту мүмкіндігі де бар. Орташа статистикалық қазақстандық жылына 2 кг балық  жейді, ал ресейліктер – 25 кг. Бұл жағдайды түзету үшін оңтүстікте барлық жағдай бар.  
Одан басқа, дейд С. Терещенко, Қазақстанда соя мен жүгері өндірісін арттыру керек. «Ордабасы құс» компаниясы әзірге тек 500 га жерге жүгері екті, бірақ ол жеткіліксіз. Бұл дақылдарсыз мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес, демек, азық-түлік өнеркәсібін дамыту да.
С. Терещенко ОҚО әкімшілігіне ұсыныс жасап, «Оңтүстік» индустриалдық аумағында азық-түлік кәсіпорны үшін орын беруді сұрады. Бизнесмен бұл тірлік консерв зауыттары, кондитерлік цехтарды т.б. дамытуға жаңа серпін беретініне сенімді.
Одан басқа, ол Шардара мен Түркістан арасын суармалы жерге айналдыруды ұсынды. Оған кем дегенде 10 жыл кетеді, бірақ ол өнімді арттырады, дейді бизнесмен.


Жаңалықтармен бөлісу: