ОҚО Ордабасы ауданын абаттандыруға Т25 млн бағытталды

Шымкент. 26 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданын абаттандыруға Т25 млн бағытталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО Ордабасы ауданын абаттандыруға Т25 млн бағытталды. Оның ішінде Берген ауылын абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) дайындалып, аудан орталығын абаттандыруға ЖСҚ дайындалған. Жұмыстар басталып та кетті», - деп хабарлады баспасөз қызметі сәрсенбі күні.
Әкімшілік мәліметтерінше, ауылда көшелерді жарықтандыруға Т16 млн 622 мың жаратылды. Балалар ойын алаңқайларын салуға өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Т2 млн 905 мың бөлінді.
«Биыл ауданда ауыз су проблемасын шешу бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. 29 елді мекенге су құбырын тартуға Т100 млн 575 мың қаржы бөлінді. Қазіргі сәтке Т44 млн 420 мың игерілді. Нәтижесінде Ордабасы ауданында 57 кенттің 38-інде су құбыры бар», - деді баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, жақын аралықта Жеңіс және Қызылжар ауылдарында су тазартатын мембраналық қондырғы сатып алынбақшы. Оған облыстық бюджеттен Т52 млн 144 мың бөлінді.
Әкімшілік мәліметтерінше, биыл ауданда 39 жол, 10 жаяу жол мен 2 көпір жөнделмекші. Ол мақсаттарға Т514 млн қарастырылған, ол сомадан қазір Т361 млн 179 мың игерілді.

adimage