ОҚО Ордабасы ауданында Т13 млрд өнім өндірілді

Шымкент. 9 шілде. ҚазТАГ  Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында Т13 млрд өнім өндірілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі Ордабасы аудан әкімі Самат Сапарбековқа сілтемелеп.
«ОҚО Ордабасы ауданында 13 млрд теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 6 млрд 353 млн теңгені құрайды. Егістік бойынша тапсырма 97,5%-ға орындалған», - деген аудан әкімінің дәйексөздерін келтіреді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
С. Сапарбаевтың айтуынша, биыл бақтарға 400 га берілген, әрі 220 га жерге осының өзінде егіліп қойылған, ал 40 га өсімтал бақтарға берілген. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, аудан басшысының сөзінше, жоспарлар 83,3%-ға орындалған, 957 бас төлдейтін және 32 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алынған. Ордабасы ауданында «Құлан» бағдарламасы 167%-ға орындалған, «Алтын асық» бағдарламасы да 120%-ға асыра орындалды.
Мал шаруашылығы қожалығын дамыту бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында 2014 жылы 10-15 бас ІМҚ-ға 236 мал жемдейтін алаң ашылды. Сондай-ақ ауданда 108 бас ІҚМ өсірілетін 9 жанұялық ферма жұмыс жасайды.
Сонымен қатар әкімдік өндірістің дамуы бойынша аудан жетістіктері жайында хабарлады. Сөйтіп, мұнда 2 индустриялы аймақ ашылып, онда алдағы жылдары 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, олардың ішінде медициналық шприцтердің, жұмсақ және кеңсе жиһаздарының және басқа да тауарлардың өндірісі бар.
Одан басқа, ОҚО Ордабасы ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы жылы 20 жобаны қаржыландыру көзделуде.

adimage