ОҚО Сайрам ауданында 2015 жыл басынан өнім көлемі Т44,6 млрд болды

Шымкент. 17 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жыл басынан бергі өндірілген өнім көлемі Т44,6 млрд болды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«ОҚО Сайрам ауданында биыл өнім көлемі 44,6 млрд  теңге болды.  Өнім көлемінің артуы 3,8% болды. Жан басына шаққанда өңірлік өнім көлемі Т226,5 мың болды», - деді облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.  
Әкімшіліктен, сондай-ақ, тартылған инвестиция көлемі Т10,6 млрд-қа дейін артқанын атап өтті. Өңдеу өнеркәсібінің Сайрам кәсіпорындары Т6 млрд-тық өнім шығарды.
«Басқа салалардың да өндірістерінің нәтижелері жақсы. Мысалы, Golden Nomad брендімен ерлердің киімдерін шығаратын цех қосымша 29 жұмыс орнын аша алды, ал мұнай сақтау және өңдеу «Stratus Оil» ЖШС кәсіпорны 35 жұмыс орнын ашты», - деді баспасөз қызметінен.
Әкімшіліктен еске салғандай, индустриалдық карта бойынша Сайрам ауданында жалпы құны Т4 млрд 825 млн болатын 8 жоба іске қосылмақшы, бұл ретте 7 жоба іске қосылып өнім беріп те отыр.
Баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, аймақта 15 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр, оларда 23 962 адам жұмыс жасауда. Олар Т24,2 млрд сомасының өнімін шығарып үлгерді.
Ауылшаруашылық саласында Т9,4 млрд өнім өндірілді, ол былтырғымен салыстырғанда Т184-ке артық. 2015 жылдың бірінші жартысында  48,4 мың га егістік игеріліп, оның 132 гектарына тамшылап суғару технологиясы енгізілді, жылыжай көлемі 3,2 гектарға артып, 1,8 га болды.

adimage