ОҚО Сайрам ауданында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен мал сатып алуда жоспарды артығымен орындады

Шымкент. 28 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сайрам ауданында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен мал сатып алуда жоспарды артығымен орындады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Сайрам ауданында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен мал сатып алуда жоспарды артығымен орындады. Биыл 292 бас мал сатып алынды, ресми мәліметтерше тапсырма 194% орындалды», - деді облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Сайрам ауданында 18 тауарлы-сүт фермасы құрылған, оларда 1500 бас сиыр бар. Сондай-ақ ауданда 181 бас мал бордақылайтын алаң ашылған. Ауданда мал шаруашылығы саласында барлығы 7380 сүттік бағыттағы 896 бас еттік бағыттағы ірі-қара мал тіркеліпті. Бұл бағытта, облыстық әкімшілік баспасөз қызметінің мәліметтерінше,  жылдық жоспар 48,3% артығымен орындалды.
ОҚО Сайрам ауданында құрылыс саласы да табыспен дамып келеді. Мысалы, қазіргі құрылыс жұмыстары Т12 млрд, құрылысқа 9641 шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Былтырғымен салыстырғанда ол көрсеткіш 1,3 есеге артық.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, білім саласында 2 білім беру нысан құрылысына Т364,2 млн. қаражат бөлінген. Бұл қаражатқа Қарабұлақ аулында 900 орындық мектеп пен Манкент аулында 600 орындық мектеп салынды. Сондай-ақ Ұлттық қордан үш мектеп құрылысына Т850 млн бөлінді. Бұл қаражатқа екі мектепте құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Одан басқа аудандық қаражат есебінен екі білім беру нысан құрылысы жүруде. Жергілікті бюджеттен Т346,2 млн бөлінді. Осы қаражатқа Машат ат. орта мектеп құрылысы аяқталды. Ол биылғы жылы мамыр айында пайдалануға тапсырылды. Қазір Н. Тлендиев ат. орта мектеп құрылысы жүріп жатыр.

adimage