ОҚО Сайрам ауданында әр гектардан 10 центнер мақсыр жиналуда

Шымкент. 30 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында әр гектардан 10 центнер мақсыр жиналуда, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында әр гектардан 10 центнер мақсыр жинап жатыр. Бұл өсімдіктің өнімділігі биыл жоғары. Әзірге мақсыр 1820 га аумақтан жиналды, барлығы оларға 8390 га отырғызылды», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Бұл өсімдікке биыл Сайрам ауданының онша жақсы емес алаңдары берілгені атап көрсетілген. Бірақ диқандар орташа көрсеткіш бір гектардан 12 центнерге дейін жетеді деп сеніп отыр.
Осы жылы Сайрам ауданында бидай да өсіп шықты, деп нақтылай өтті әкімдіктен. Егер былтыр өнімділік әр гектардан тек 17 центнерді құраған болса, онда биыл осының өзінде 22 центнер.
Мамандардың пікірінше, биыл ауа райы көмектескен, тап осы себепті де масақтар толық болып шыққан, ал сабақтары – жоғары. Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда сабанды 200%-дан көп мөлшерле жинауға мүмкіндік болды. Бұл, дейді ауыл шаруашылық қызметкерлері, өте жақсы көрсеткіш, себебі енді қыста жануарларға арналған жем-шөппен қиыншылық болмайды.
Одан бөлек, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Сайрам ауданында осының өзінде 25%-дан астам егістік жыртылған. Ауыл шаруашылық техникасымен де, жанар-жағармай материалдарымен де еш проблема жоқ. ЖЖМ жеңілдікті бағамен дер кезінде келіп түсті.
Сайрам ауданында күзгі егістік жұмыстары өз уақытында және сапалы аяқталады деп жоспарлануда.
Осыған дейін хабарланғандай, ауыл шаруашылық саласында Сайрам ауданында өндірістік өнімнің көлемі Т9,4 млрд-ты құрайды, бұл былтырмен салыстырғанда осымен сәйкес мерзімнен Т184,0 млн-ға ұлғайған. Сөйтіп, Сайрам ауданында 48,4 мың га игерілген, бұл межеден әлдеқайда көбірек. Тамызып суару әдісін ендіру бойынша да жоспар 22%-ға асыра орындалған және бүгінде ол 132 га қамтып отыр. Баспасөз қызметі Сайрам ауданының жылыжай тұрғызумен мақтана алатынын атап өтуде. Сонымен олардың саны 3,2 га ұлғайып, енді олардың көлемі 13,8 гектарды құрайды.

adimage