ОҚО Сайрам ауданында «Сыбаға» бағдарламасымен 300 бас ІҚМ сатып алынды

Шымкент. 17 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 300 бас ірі-қара мал сатып алынды, деп хабарлады облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
«ОҚО-ның Сайрам ауданында мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 300-дей бас ірі-қара мал сатып алынды. Тапсырма 194%-ға орындалды», - деп мәлім етті әкімшілік баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
Хабарда айтылғандай, Сайрам ауданында 1500 бас сиыр ұстай алатын 18 сүт-тауарлық ферма жұмыс жасап тұр. Одан басқа 181 бас мал бордақылайтын алаң ашылған. Бүгінге ауданда сүт өндірісін дамытуға 7380 бас сиыр, ет өнімдерін өндіруге 896 бас ІҚМ бар.  
Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауданда атқарылған құрылыс жұмыстары Т12 млрд. Бұл көлем 1,8 есеге артты. Мысалы, пайдалануға 9641 шаршы метр тұрғын үй тапсырылды, ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 1,3 есеге артық. Білім саласында екі нысан құрылысына Т364,2 млн бөлінді. Осы сомаға Қарабұлақ селосында 900 орындық, Манкент ауылында 600 балаға арналған мектеп салынды. Одан басқа, облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Ұлттық қордан үш мектеп құрылысына Т850 млн бөлінген, қазірдің өзінде екі мектеп құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ аудандық бюджеттен екі мектеп құрылысына Т346,2 млн қаражат бөлінген.
«Сөйтіп, мамыр айында Машат ат. мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Тлендиев ат. мектеп құрылысына тендер жеңімпазы анықталып, ол қажет жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді әкімшілктен.

adimage