Шымкент. 15 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туберкулезге қарсы салынған балабақшада 50 бала сауығудан өте алады, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Туберкулезге қарсы салынған балабақшада Сайрам ауданының 50 баласы сауығудан өте алады. Бұл балабақша шипажай істпеттес, мұнда балалар емделеді», - деді баспасөз қызметінен.
Әкімшілік мәліметтерінше, жоба құны Т46,519 млн, қаржыландыру облыстық бюджет есебінен болды.
«Аудан осындай балабақшаға бұрыннан мұқтаж болатын. Оны салуға жер телімін табу қиын болған. Сондықтан бұрын тұрған ғимаратты қайта жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданған. Күрделі жұмыстар бір жылдай жүргізілді», - деді әкімшіліктен.
Шипажай іспеттес балабақша жыл бойына туберкулезбен ауырған адамдар анықталған отбасыларының балаларын қабылдайды. Балалар мұнда 3-тен 6 айға дейін емделеді. Ғимаратта толығымен ұйықтайтын және ойын бөлмелері ретке келтіріліп, емдеу және процедуралық кабинеттер де жабдықталған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43