ОҚО Шардара ауданының кәсіпорындары І жартыжылдықта Т3 млрд болатын тауар өндірді

Шымкент. 24 тамыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданының кәсіпорындары І жартыжылдықта Т3 млрд болатын тауар өндірді, деп хабарлады облыс әкімшілігінң баспасөз қызметінен.
Облыс әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Шардара ауданындағы кәсіпорындар  ағымдағы жылдың алты 2925,7 млн. теңгеңің өнімін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6 пайызды құраған. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қ.Айтөреев мәлім етті. ҮИИД бағдарламасы аясында құны 525,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 35 га. аумақта индустриалды аймақтың құрылыс қолға алынып, инженерлік-коммуникациялық жүйелері салынуда.
   Шардара су қоймасы жағалауынан балық тәлімбағын қайта құру  мақсатында арнайы іс-шара жоспары қабылданып, оның аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын қалпына келтіру, трансформаторларды жөндеу, сорғы стансасын қайта салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың аяғына дейін бірінші кезеңдегі жұмыстар аяқталып, шабақ өсіретін тоған іске қосылмақ.  
Ауыл шаруашылығы саласында 2159,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,3 пайызға артқан. Ағымдағы жылы аудандағы 64 000 гектар суармалы жердің 59300 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып, жоспар толығымен іске асырылған.
   Мал шаруашылығын дамыту іс-шарасына сәйкес 2591,9 тонна ет, 9429,5 тонна сүт, 1228 мың дана жұмыртқа және 224,3 тонна жүн өндірілген. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдары барлығы 52 шаруашылық катысып, 204 бас етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалар сатып әкелінді, 2014 жылы тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 6132 бас аналық мал қамтылды, бұл барлық аналық малдың 60,2 пайызын құрайды. Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1380 бас аналық және 47 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған.
   Биылғы жылы ауданда 7 жаңа әлеуметтік нысанның құрылысы басталып, Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егізқұм және Достық елді мекендерінде газ жеткізуші газ құбыры салынуда. Одан бөлек, Көксу елді мекенінде орта қысымды газ өткізгіші құрылысы қолға алынған. Осы және өзге де атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан әкімі брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

adimage