ОҚО шаруа қожалықтары мақтаның жоспарланған көлемінің үштен бір бөлігін жинады

Шымкент. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақта алқаптарындағы «ақ алтынның» 32 пайызын жинады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мақта алқаптарындағы «ақ алтынның» 32 пайызын жинады. Терім науқаны басталған уақыттан бері 84500 тонна мақта терген шаруалар маусым соңына дейін бұл көрсеткішті жоспарға сәйкес, 265 мың тоннаға жеткіземіз дейді», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, «ақ алтын», негізінен, Мақтарал мен Шардара аудандарында жиналып жатыр. Ал Отырар, Түркістан және Ордабасы аудандарында терім науқаны енді қыза бастаған. Айта өткен жөн, облыста 99,3 мың гектар жерге шитті мақта егілген. Шаруалар мақта алқабының әр гектарынан 26,7 центнерден өнім аламыз деп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін мақташылармен кездесуде Бейбіт Атамқұлов 1 кг шикізаттан шаруалардың Т100 өнім алғанын, ал мұның былтырғы көрсеткіштен жоғары екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ өңірде 371,5 мың тонна астық өнімі жиналды. Әр гектардың өнімділігі 19,1 ц. құрап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 6,4 ц. артық. Биыл егіншілер 194 га жерге астық екті.

adimage