ОҚО Созақ ауданында өнім өндірісі жыл басынан бері Т141,5 млрд-қа артты

Күні: 18:19, 11-11-2014.

Шымкент. 11 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында өнім өндірісі жыл басынан бері Т141,5 млрд-қа артты, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, облыс бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің Созақ ауданындағы үлесі 30 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев облыс әкімдігінде өткен баспасөз маслихатында баяндады. Созақ ауданының өнеркәсіп саласы бойынша биылғы жылдың тоғыз айында тауарлы өнім өндіру көлемі 141 млрд. 560 млн. теңгені құрап 2013 жылмен салыстырғанда 107,5 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде, өндіріс саласы бойынша 135 млрд. 314 млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2013 жылмен салыстырғанда 108,6 пайызға артық орындалды, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 6 млрд. 246 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 25 млрд. 4 млн. теңгені құрайды. Ауданда кәсіпкерлік субъектілердің саны 2685 бірлікті құраса, жыл басынан жаңадан 169 кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 160 адам жұмыспен қамтылды деді, аудан басшысы А. Аймұрзаев.


Жаңалықтармен бөлісу: