ОҚО Төле би ауданында индустриялы аймаққа 66 га жер берілді

Күні: 18:56, 02-11-2014.

Шымкент. 2 қараша. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында индустриялы аймаққа 66 га жер берілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктік баспасөз қызметі.
«Төле би ауданында индустриялы аймаққа 66 га жер берілді. Бұл бұған дейін болжанғаннан әлдеқайда көп», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бастапқыда индустриялы аймақ құруға 30 га жер бөлінген болатын, бірақ кейін оған цемент зауытына тиесілі 66 га беру шешімі қабылданды.
Кәсіпорын басшылығы келісімге келіп, бұл учаскені аудан әкімдігінің қарамағына берді. «Тендерді өткізу, техникалық-экономикалық негіздеме жасап шығаруға көп уақыт жұмсалды. Жобалық құжаттама дайындауға деген сома жыл соңына дейін бөлінеді деп жоспарлануда. Егер барлығы жоспар бойынша жүретін болса, онда көктемде индустриялы аймақ құрылысы басталады», - деп атап өтті әкімдіктен.


Жаңалықтармен бөлісу: