Шымкент. 13 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында 6 әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«ОҚО Төлеби ауданында 6 әлеуметтік нысан ашылды. Үш ауылда үш фельшерлік-акушерлік пунк ашылды. Олардың екеуі күрделі жөндеуден өтіп, біреуі қайта салынды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен бейсенбі күні.
Одан басқа, бейсенбі күні Төлеби ауданында 3 балабақша ашылды. Облыс әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, «мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында Жаңаұйым елді мекенінде 75 орындық «Нұр-Гүл-Ай», Достық пен Екпінді елді мекеніндерінде 100 орындық «Ару Әсем» және «Ұлзада» балабақшалары алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдады».
Сондай-ақ сол хабарда, «Тасарық, Алатау, Бірінші Мамыр ауылдық округінде жаңадан бой түзеген типтік үлгідегі төрт фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді. Медициналық бекеттер соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталып, алғашқы жедел жәрдем көрсетуге лайықталған. Осы денсаулық сақтау нысандары алдағы уақытта 32 мыңға жуық тұрғынға сапалы қызмет атқаратын болады. Бүгінгі күні ашылған 7 әлеуметтік нысанда 100-ге тарта жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып отыр. Нысандардың ашылу рәсіміне аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков, тиісті облыстық басқармалардың жауапты қызметкерлері қатысып, жақсы тілетерін білдірді», делінген.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43